Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 14. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Ақжардан ақжолтай хабар

Ауданымыздың Ақжар ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Бұл ғимарат «Ауыл – ел бесігі» деген мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғызылған.

Мәдениет үйін салтанатты түрде ашу рәсіміне Алакөл ауданының әкімі А.С.Абдинов, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.С.Сүлейменов қатысты.

«Алакөл ауданында 16 мәдениет үйі, 23 кітапхана, 2 музей және 1 архив халыққа үздіксіз қызмет етіп келеді. Міне, бүгінде ауыл жастары үшін 150 орынды жаңа мәдениет үйі бой көтерді. Ауданымызда мәдениет саласының дамуы үшін көптеген игі шаралар жүзеге асырылуда. Мұның өзі болашаққа салынған сенімді инвестиция болып табылады. Алдағы уақытта, Жағатал, Жайпақ ауылдарына блокті-модульдік мәдениет үйін орнатуға бюджеттен қаражат бөлінді», – деп, сүйіншіледі аудан әкімі.

Ақжарқын тілектерден соң, ғимараттың лентасы қиылып, алғашқы концерттік бағдарлама да қойылды.

Нысанның құрылысын Алакөл аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен «Global Consrtuction kz» деп аталатын мердігер компания жүргізген. Мәдени ошақ заман талабына сай материалдық техникалық базаларымен жабдықталған. Ғимарат 2 қабатты, аумағы 8000 шаршы метрді құрайды. Сахна залы 150 адамға лайықталған.

Ауыл жастары мен жасөспірімдерінің бос уақыттарын тиімді пайдалануға, дарынды, талантты жастарды қолдауға түрлі іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бар. Онда 20-ға жуық үйірмелер (хореография, домбыра, вокал, көркемсөз, сурет) қызмет етіп, 12 штаттық бірлікке сәйкес тұрақты жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. Мәдени нысанда оқырмандар үшін ауыл кітапханасы да орналасқан.

А.СҮЛЕЙМЕН.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov