Жылыту маусымында аудан аумағында улы газдан уланудың және адам қазасының алдын алу мақсатында аудан әкімшілігі есебінен 100 дана улы газды анықтау құрылғылары сатылып алынды.
Улы газдың түсі де, иісі де жоқ, сондықтан оны арнайы қондырғының көмегінсіз анықтау мүмкін емес.
Сатылып алынған улы газды анықтау датчиктерінің 20 данасы аудан орталығы Үшарал қаласына, қалған 80 данасы ауылдық округтерге таратылып берілді. Олар көпбалалы, аз қамтылған және жалғыз басты аналар мен қарттар үйлеріне орнатылуда.
Осы ретте аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйытқы болуымен Үшарал қаласының 20 тұрғын үйіне улы газды анықтау датчиктері орнатылды.
Улыгазды анықтау құрылғысыүй-жайларда тұншықтырғыш газ деңгейі көтерілген кезде бөлмедегі кез келген адам еститіндей үздіксіз жоғары жиілікті сигналмен хабардар етеді.
Оларды орнату барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері құрылғының жұмыс істеу принциптерін тсіндіріп кетті.
Үйлерге орнатылған дабыл қондырғылары қайғылы оқиғалардың алдын алады және ұзақ уақыт жұмыс жасайды деп үміттенеміз.
Ғ.МУСТАФИН.
аудандық ТЖБ-ның басшысы, азаматтық қорғау майоры.