
Меніңше, атом электр станциясы біздің елімізге өте қажет. АЭС-тің салынып, жұмыссыздық мәселесі шешілсе, көптеген жастарға мүмкіндік ашылады. АЭС құрылысы арқылы тек жұмыс орындары ғана емес, сонымен қатар әр аймақтың инфрақұрылымы да дамиды деп сенеміз. Жолдар жөнделіп, қызмет көрсету салалары кеңейіп, халықтың өмір сүру деңгейі арта түседі. Өңіріміздегі кәсіпкерлер мен шаруаларға да үлкен серпіліс береді.
Электр энергиясының тапшылығы жылдан жылға артып келеді. Бұл тек біздің аймаққа ғана емес, бүкіл елге үлкен проблема болып тұр. АЭС салу еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, сырттан келетін энергияға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, атом энергиясы – болашақтың энергиясы. Одан қорқудың қажеті жоқ, керісінше, заманауи технологиялардың арқасында қауіпсіздік жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі.
Меруерт Абдрахимова