АЭС ел болашағы

Ел экономикасы, ел әлеуеті деп көп айтамыз. Оның алдағы референдуммен байланысы қандай? Жалпы оны қалай түсінесіз? Мен экономика, әлеуметтік даму дегенді қарапайым баспанамыздың бүтіндігі, жол, жарық, көшелердің асфальтпен қамтылуы, балалардың жайлы мектепте оқып, отбасымыздың сапалы тамақ ішуі деп түсінемін.

Экономиканы дамыту үшін елге инвестиция керек. Инвестицияның қазіргі уақыттағы ең құнды көзі энергия қуаты емес пе? Осы энергетика саласын дамыту үшін атом электр станциясының салынуын ел болып қолдасақ, экономика мен әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткіземіз. Елімізде жаңа жұмыс орындары ашылып, мықты мамандар даярланатын болады.

Алдағы өтетін жалпыұлттық референдум нәтижелері Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын шешуші қадам болмақ.

Нұрлан Ибраимов

Мәліметпен бөлісу: