Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 12. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

АЭС – сенімді энергия көзі


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын кезекті Қазақстан халқына Жолдауында экологиялық таза қуат көздерінің қажеттілігі туралы атап, атом энергетикасын дамытудың маңыздылығына тоқталған болатын.

Энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті дамытуға, электр қуатын арттыруға атом электр станцияларының  ықпалының зор екендігі, еліміздің жедел дамуына  септігін тигізері сөзсіз екенін айтқым келеді. Атом энергетикасының отандық ғылым мен білімнің дамуына да әсері бар.

Бүгінгі күні АЭС құрылыс жобасына қатысты халық арасында кереғар пікірлер де екіжақты көзқарастар да жоқ емес.  Алайда, бүгінгі күні  халық арасында арнайы құрылған штаб мүшелерінің түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде, көпшілік қауым өз ойларын дұрыс бағытқа бұрып, қолдаушылар қатары көбеюде.

Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, қарапайым тілмен айтқанда, халқымыздың электр жарығына еш тапшылық қаупі туындамай өмір сүруі үшін қажет. Экологияға еш зияны жоқ жасыл аймаққа айналамыз.

Көмір мен газ түтінін азайтып, экологиялық ластанудан арыламыз.

Мамандардың пікіріне сүйенсек, атом энергиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары, әрі сыртқа аз қалдық шығаратынын дәлелдеуде. Сондай-ақ уранның өз елімізде өндірілуі, қосымша қаржы талап етпеуі де АЭС тің артықшылығын айқындайды.

Әлем экономикасына АЭС-тың  пайда әкеліп отырған елдері аз емес.

Әлемнің дамыған елдеріндегі тәжірибесіне ой жүгіртіп көретін болсақ, қаншама атом электр станциясы салынып, оны пайдаланып, жылдан-жылға дамып  жатқанын біліп отырмыз. Өздерінің еш органикалық отыны жоқ Франция, Белгия, Корея, Жапония, Оңтүстік Корея  атом энергиясын өндіруші негізгі көзіне айналып, елдерінің табысты экономикалық дамуын қамтамасыз етіп отыр.

Осы орайда мемлекет басшысы бұл мәселені жайдан-жәй көтеріп отырмағаны баршамызға мәлім. Өз елін энергетикалық дағдарыстан алып шығып, жұмыс көздерін ашып, дені сау ұрпақ болашағының жарқын да экономикасы гүлденген, халықаралық аренадағы позициясы нығайған, экологиялық ең таза  әрі қауіпсіз өмір сүруіне бағыттауы.

Елімізде АЭС  салуды толықтай қолдаймын. Еліміздің ертеңін ойлаған әр азамат дұрыс шешім қабылдайды деген ойдамын.

 «Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз»,- деген ел басшысының сөзін халық болып жалғап,  бір адамдай шешім қабылдап, АЭС-тің өз елімізде бой көтеруіне үлесімізді қосуға, алда өтетін референдумға барша халықты асыға қолдауға  шақырамын.

Арқарлы орта мектебінің директоры

Алакөл аудандық мәслихатының депутаты С.М.Данабекова

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov