
Қайнар ауылында сайлаушылардың белсенділігін арттыру және ел болашағына деген жауапкершілікті көрсету мақсатында ерекше «Белсенді көше» акциясы ұйымдастырылды. Ауылдың Қ.Сқақұлы, І.Жансүгіров, М.Мәметова және Б.Момышұлы көшелерінің 40 тұрғыны бір мезетте дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Бір мезетте дауыс берген тұрғындардың бұл бастамасы ауыл тұрғындарының сайлауға деген белсенділігін және азаматтық ұстанымын айқын көрсетті.

Қайнар ауылы — өзіндік тарихы мен қалыптасқан дәстүрі бар елді мекен. Бүгінде ауылда 775 тұрғын тұрады. Оның ішінде 434 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілген.
Ауыл тұрғындары үшін сайлау — елдің ертеңіне әсер ететін маңызды қоғамдық-саяси шара. Осыған орай Қайнар ауылының тұрғындары өз азаматтық міндетін орындап, дауыс беруге белсенді қатысуда.
40 тұрғынның бір мезетте дауыс беруі — бірлік пен азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі.
