Алакөл ауданының орталық мешіт имамдары аязда таңнан кешке дейін қала көшелерін қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй ұсынды.

Күннің атысымен жеңіл авто көлікпен қала ішін аралап, жұмыс жасап жатқан қызметкерлерге тіскебасар ұсынып, шайға шақырды.
Қайырымды істің басты мақсаты — коммуналдық қызметкерлеріне осындай аяз күндері атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдіру болып табылады.

«Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деген сөз бар, бүкіл адамзат баласы басқа тұлғаның еңбегін бағалай білу керек. Кей кездері күнделікті өмірде бұл адамдардың еңбегін ешкім байқамай жатады. Олар бізге таза қала түріндегі әдемі көріністі ұсыну үшін көкжиектің атысымен жұмыс барысына кірісіп, еңбек етеді. Арасында батасын беріп, күнделікті кездесетін қиындықтарымен бөліскен азаматтар да аз болмады.
«Қызметкерлер үшін керемет кезі күтпеген жерден пайда болған бізге шынайы күлкі сыйлап, алғыстарын жаудырған сәті», — дейді мешіт имамдары.
Алакөл ауданының баспасөз қызметі