АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН АРДАГЕРЛЕР

Ақпанның 15 күні ​ Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай Жамбыл ауданында салтанатты жиын өтті. Ең әуелі көпшілік аудан орталығында орналасқан Ауған соғысының боздақтарына тұрғызылған ескерткішке гүл шоғын қойып, қаза болған жауынгерлерді еске алатын қаралы митинг өткізді. Жиынның екінші бөлігі аудандық мәдениет үйінде жалғасты.

Ең әуелі сахнаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізіліп, гимн орындалды.

Кешегі Кеңес армиясында азаматтық борышын атқаруға мәжбүр болған Қазақстандықтардың ұзын саны 22 мың 269 адамеді. Олардың 898-і ​ жат жерде құрбан болып, туған жеріне оралмады. Солардың қатарында Жамбыл ауданын анаттанған 11​ сарбаз болған еді.​

Осы 30 жылдық мерекеге үшкүн қалғанда жалпақ жұрттың қабырғасын қайыстырған азалы күн-Борис Керімбаевтың (Қара майор) қазасы еді. Олар найы мақсаттағы 177 жасақтың командирі болып, батыл жаугершілігімен аты аңызға айналған тұлға екені күллі Алашқа мәлім. «Қара майор көзі тірі болса осы ​ айтулы мерекеде «Халық қаһарманы» атағын алар еді» – дейді жұрт.​ Жиынға келген көпшілік жат елде қаза тапқан жерлестеріміз бен марқұм Қара майорды бір минут үнсіздікпен еске алды.​ Соныменқатар, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым ету мақсатында олардың аналары мен отбасы мүшелеріне​ арнайы дайындаған сый-сияпаттар тапсырылды.​

Осыдан кейін алғашқы құттықтау сөзге шыққан, аудан әкімінің орынбасары Әділбек Далабаев барша жиылған көп шілікке Ауған жеріндегі шайқаста ​ қаза тапқан жауынгерлердің өр рухына бүгінгі ұрпақ тағзым ететінін айтып, бақилық болған сарбаздардың жақындарына көңіл айтты. Қайсар мінезді жауынгерлердің ерлігі мен отан алдындағы адал парызы бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге екенін атап өтті.​ Осы орайда Әділбек Қамбарұлы аудандық «Бача» Ауған соғысы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бақтығұл Жақыпбековке Алматы облысынің әкімі Амандық Баталовтың Құрмет грамотасын табыстады. Сонымен қатар, Ауған жеріндегі шайқасқа қатысып, елге аман оралған 36 азаматқа аудан әкімінің алғыс хаты, «Афганская слава» төс белгісі, Б.Момышұлының «Батыр шапағаты» медалі берілді.​

Соңыра Алматы облысы Ауған соғысы ардагерлері мүгедектер қоғамының төрағасы Бауыржан Барлыбаев пен Жамбыл​ аудандық «Бача» Ауған соғысы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бақтығұл Жақыпбеков сөз сөйлеп, сонау Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған азаматтарымыз еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етіп жүргенін мақтанышпен айтып, олардың нәтижелі еңбегіне табыс тіледі. Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.

Мәліметпен бөлісу: