Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 13. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Алғыс айтудан жалықпайық

Шуақты көктемнің шадыман күндері де келіп жетті. Осы таңғажайыпқа толы мезгілдің алғашқы мерекесі саналатын «Алғыс айту» күні Қазақстандағы ұлт пен ұлтты, ұлыс пен ұлысты бір арнаға тоғыстырып, өткені мен бүгіні үшін ризашлық білдіретін уақыт.

Айтулы мейрам қарсаңында Қазақстан ауылындағы Қабанбай батыр атындағы орта мектебінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, оған тұрғындар көптеп тартылды.

Сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Сүлейменов дәл Ассамблея күнімен тел тойланатын бұл мейрамның маңыздылығына тоқталып, алғыс айту арқылы біз бірімізге деген сыйласымдылығымыз бен татулығымызды арттыратынын айтып өтті.

Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы К.Бектемисова мен Жағатал ауылдық округіндегі шешен диаспорасының басшысы З.Мұртазова ынтымақ пен ырыс туын көтеріп, береке-бірлікте болашаққа адымдау тәуелсіз еліміздің басты құндылығы екендігін жеткізді.

Артынша «Қайырымды көршіге рахмет» атты акция ұйымдастырылып, шара барысында талай жылдар бойы тату-тәтті ғұмыр кешкен көрші-қолаңдар бір-бірлеріне алғыстарын айтып, ақ дастархан басына жиналды.

Солардың бірі  қырық жыл бойы иық тіресе тірлік кешкен Себеповтар мен Абдрахмановтар әулеті. Олар бір-бірлеріне береке-бірліктегі өмірлері үшін алғыс білдіріп, арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстады. Тірлігі құтты, бірлігі мықты бұл көршілердің тату-тәтті тұрмысы өзге тұрғындарға үлгі болары сөзсіз.

Сондай-ақ аталған акция аясында Үшарал қаласындағы Желдібаевтар жанұясы мен Савчуктар отбасының 40 жылдық бейбіт қарым-қатынастары насихатталды. Желдібаевтар обасының үлкені, жеті құрсақ көтерген ардақты ана, «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері Бақытжан Жұмашқызы мен Савчуктар жанұясының тірегі Валерий Михайлович туған-туыстарын жинап, үйді-үйлерін аралап, ақ тілектерін жаудырды.

Балалары бір-бірінің үйінде өсіп, бір табақтан ас ішкен құдай қосқан көршілердің риясыз көңілдерінен жылылық лебі есіп тұрғандай.

Барша алакөлдіктерді осы айтулы мерекемен құттықтап, осы тату-тәтті тірлігімізден айырылмасақ деген тілек айтқымыз келеді. Ел іргесі бүтін, тәуелсіздің тұғыры мыңты болсын!

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov