Қазақстандағы түрлі ұлт пен ұлыстардың береке-бірлігін бекемдеп, татулық тұғырын нығайтуға негізделген «Алғыс айту күні» этносаралық ынтымақ пен бейбітшілікке жаңа тыныс сыйлағаны мәлім. Бұл мереке – 18 миллион халықтың мызғымас достығы мен ғасырлар бойы сызат түсіп көрмеген ымырашылдықтарының символы.
Айтулы мейра
м қарсаңында Бұлақты ауылдық мәдениет үйінде «Алғыс – шексіз мәртебе» тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылды.
Сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Чалкенов 16 ұлт өкілі бір атаның баласындай бірлік туы астында тірлік кешіп жатқан өңіріміздің мейірбандығы мен қонақжайлығына тоқталып, этносаралық татулықтың сақталуына түрткі болып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табыстады.
Айдынды Алакөлді мекен еткен неміс, татар, әзербайжан, шешен, орыс ұлттарының өкілдері Е.Паульс, Р.Макидан, И.Усейнова, Р.Абдрахманов, А.Савченка сынды жерлестеріміз қазақ халқына деген ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Артынша аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы көрермендер назарына ұсынылып, әуезді әндер айтылып, күмбірлеп күйлер тартылды.
АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.