Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 12. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Ала тақтаның атасы сексенде

Спорттың қай түрі болмасын адам денсаулығының жетілуіне, рухани дамуына ықпал етері сөзсіз. Солардың ішінде ақыл-ой еңбегін, терең тұжырым мен толғанысты талап етенін тақта ойындарының орны ерек.

Кешегі тірлігі бақуатты, бүгінгі тұрмысы бақытты, болашағына да баянды бағдар жоспарланған Алакөл өңірінің өрендері де білекті емес білімді қажет ететін спорт түрлерін жетік меңгерген. Солардың ілкімдісі ретінде тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойындарының ілгерілеуіне тың төңкеріс, соны серпіліс әкелген Бәшен Дүйсебайұлын ерекше атап өтуге болады.

Халықаралық дәрежедегі төреші атағын еншілеген санаулы жерлестеріміздің сапындағы Бәшен ақсақал жуырда сексен жастың сеңгір биігін бағындырды.

Абыз кісінің аты мен атағын, еңбегі мен егде жасын сыйлаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жанама ауылдық округінің әкімдігі «Ардегерлерді ардайық» бағдарламасының аясында Б.Қоразовтың құрметіне шахматтан дүбірлі дода ұйымдастырды.

Шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Абдинов ақсақалды сексен жасқа толуымен құттықтап, өз дәрежесіндегі һәм одан да биік дәрегейге көтерілетін ізбасарларын дайындап, аудан спортында өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра беруіне тілектестік білдірді.

Келесі болып мінберге көтерілген аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы О.Мұхаметқалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Байбазаров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Садиев ақжарма тілектерін ағытса, Жанама ауылдық округінің әкімі Т.Байзақов мерейтой иегерінің иығына шапан жапты.

Ордалы ойды талап ететін ойынға өңіріміздің түкпір-түкпірінен зердесі алғыр, зейіні ұтқыр жиырмадан астам үміткер жиналды. Барлығы да бәсекеге лайықты, бас жүлдеден дәмелі.

Олай деуімізге ала тақтаның айла-шарғысын алпыс жасында да жадынан өшірмеген жасамыс аталарымыздың, жас болса да жүрістерінен жаңылмаған кейінгі толқын өкілдерінің талабы, талпынысы дәлел бола алады. Сақалды бастарына салиқалы амалы жарасқан ақсақалдарымыз аламанның алдын бермеуге ұмтылса, құлын күндерінен құнандарды озған жас шахматшылар үздіктер қатарынан көрінуге ерекше ұмсынды.

Бір күнге созылған бәсекенің қорытындысы бойынша Е.Исалдаев үшінші, Т.Каримжанов екінші орынның мінберіне көтерілді. Ал алдына келгенді алты жүріспен алып-соғып, мүмкіндік бермей «Мат» қоятын бірденкелік Е.Байзақов бас жүлдені қанжығалады.

Ала тақтада аты озып, алға шыққандарға ақшалай сыйлақтар, медальдар мен дипломдар табыс етілді.

Алмат Есенбеков.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov