Өмірбаян
Бекпаев Ерікжан Жүкенұлы 1969 жылы 8 маусымда Андреев ауданы, Майлышат ауылында дүниеге келген.
1975 жылы Николаевка орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1986 жылы осы мектепті бітірген.
1986-1987 жылдары «Путь Ленина» кеңшарында жұмысшы болды.
1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының орман шаруашылығы факультетіне оқуға түсіп, 1993 жылы бітірген.
1988 — 1989 жылдары Совет Армиясында міндетін атқарған.
1993- 1995 жылы Андреев орман шаруашылығы кәсіпорында, Андреев орманшылығының орманшы қызметін атқарды.
1995- 1996 жылдары Үйгентас орман шаруашылығы кәсіпорында орман қорғау инженерінің міндетін атқарды.
1996 жылы Үйгентас орман шаруашылығы кәсіпорынның бас орманшы міндетіне тағайындалды.
Үйгентас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары қызметін 2014 жылға дейін атқарған.
2014 жылы 12 ақпанда Үйгентас орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалған.
Сайлауалды бағдарламасы:
Мемлекет пен жергілікті билік ауыл тұрғындарының сапалы өмір сүруіне жағдай жасалу үшін төмендегі талаптарды орындауға тиісті деп есептеймін:
- Жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беру;
- Халықты ауыз сумен, отынмен, газбен, пошта,байланыс, интернет жүйесімен қамтамасыз ету;
- Ауылдық жолдарын талапқа сай жөндеуге, электро жарығымен толық қамтамасыз етуге;
- Халыққа тиесілі жерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- Жайылымдық жерлерге қол жеткізу мәселесін шешу.
Мемлекет пен жергілікті билік ауылшаруашылық кәсіпкерлерінің агро-бизнесті дамытуға мүмкіндік беруін қамтамасыз ету:
- Тұрғындарға кіші және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік беру;
- Ауылшаруашылық секторының дамуын қолдау;
- Субсидиялар алу және басқа да маңызды мәселелерді шешу бойынша құқықтық қолдауды қамтамасыз ету.
Мемлекет пен жергілікті биліктің ауыл тұрғындарының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
- Бюджеттік ұйымдардың ғимараттарын және ауылдық инфрақұрылымдық әлеуметтік маңызы бар объектілерін (аурухана, мектеп, балабақша) жөндеу, сапалы қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдау.
Мемлекет пен жергілікті билік жастар мәселесіне көңіл бөліп, проблемаларды шешуді қамтамасыз ету:
- Спорт және ойын алаңдарын салу, жаңарту;
- Жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін ауыл клубтары мен кітапханалардың жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, мәдени – көпшілік үйірмелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Ауыл тұрғындарының тұрмыс – тіршілігін жақсарту, идеялары менжоспарларын жүзеге асыру, ауылды дамыту өте маңызды деп ойлаймын.
Ауылдың өсіп, өнуіне, дамуына, көркейуіне бей – жай қарамай, болашағымыз әрқайсыңыздың таңдауыңызбен тікелей байланысты екенін ескеріңіздер.
(Аудандық сайлау қоры есебінен төленді)