Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер (№14 сайлау округі) Болатұлы Самат

Өмірбаян

Болатұлы Самат 08.12.1992 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылында дүниеге келді.

1999 жылы Қабанбай орта мектебіне бірінші сыныпқа қабылданып, 2010 жылы осы мектепті тәмамдады.

2010-2012 жылы Алматы технология-экономикалық колледжінде «Сүт және сүт өнімдері» мамандығы бойынша білім алды.

2012-2016 жылы МҚК Талғар медициналық колледжінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқыды.

2019-2024 жылдар аралығында Теректі ауылдық амбулаториясында фельдшер қызметінде болды. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлік саласында қызмет етуде.

Сайлауалды бағдарламасы

Қазіргі таңда сөзден іске көшетін заман екендігі белгілі. Осы ретте аудандық мәслихат депутаттығына үміткер болып, тұрғындардың дауысына ие болсам төмендегі жұмыстарды атқарамын:

-Тозығы жеткен баспаналарда тұрып жатқан аз қамтылған отбасыларды жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз етілуіне қол ұшын беру;

-Ауылды көркейту мақсатында көшелерге тас төсеп, жарық шамдарын орнату, ауыз су мәселесін шешу;

-Ауылды жерлердегі типтік емес, ыңғайластырылған мектептерде спорт, акт залдарын, спорт алаңдарын салдыру;

-Аз қамтылған, асыраушысынан  айырылған отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік грантпен білім алуына ықпал ету;

-Жұмыссыз, аз қамтамасыз етілген азаматтарға төмен пайызды, қайтарымсыз несие алуға ықпал ету;

-Басты байлық – халық денсаулығы. Осы тұрғыда округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстау, ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға байланысты дәрігерлік қызметті күшейту жолдарын іздестіру;

-Білім саласына басты назар аудару. Осы тұрғыда білім саласындағы қызметкерлермен үнемі байланыста болып, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау. Білім ошақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық базасын нығайту;

-Ауыл жастарының қайта даярлау курстарынан өтуіне, жұмыссыз азаматтар мен орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлердің несие алып, өз істерін дамытуына ықпал жасау, қолдау көрсету;

-Ауыл аумағында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін түрлі іс-шараларды ұйымдастыру. Болашақ – жас ұрпақтың еншісінде екенін ескере отырып жастар саясатын қолдау, округ жастарымен тығыз байланыста болу, олардың спортпен және шығармашылықпен айналысуына қолдау көрсету.

(Аудандық сайлау қоры есебінен төленді)

Мәліметпен бөлісу: