Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер (№14 сайлау округі) Серғазин Берік Серғазыұлы

Өмірбаян

Серғазин Берік Серғазыұлы 08.02.1980 жылы Талдықорған облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келді.

1987 жылы 1-сыныпқа қабылданып, 1997 жылы Үшарал орта мектебінің 11-сыныбын аяқтады.

          2000 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Педагогикалық институтына оқуға түсіп, тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты.

          Еңбек жолын 2002 жылы Алакөл ауданы Ынталы ауылындағы Ынталы орта мектебінде мұғалім болып бастады.

2004 жылы Ынталы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады.

2008 жылы Алакөл аудандық білім бөлімінің әдіскері, 2010 жылы  мемлекеттік қызметші ретінде Алакөл аудандық білім бөлімінің бас маманы, 2011 жылдан 2022 жылға дейн білім бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды.

          2022 жылы 1 маусымнан бастап «Жансая» күндізгі болу орталығы-оңалту бөлімшесімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

Сайлауалды бағдарламасы

Бүгінгі таңдағы үлкен өзгеріс – Әділетті Қазақстан құру бағытында қабылданып жатқан реформаларды жүзеге асыруда халық қалаулысы атанып, ел сенімін абыройлы атқарып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып, аянбай еңбек ету, әрине үлкен жауапты міндет деп білемін.

Халық сенімін иемденген, аманат жүгін арқалаған әр тұлға зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылуы кім-кімге де сын болатыны мәлім.

Осы орайда, мен өзімнің сайлау алды бағдарламамды ұсынамын:

1. Халықтың экономикалық белсенділігін, әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламаларға қатыстырып, кәсіп ашып, істі дұрыс жүргізулеріне, атқарған қызметінің жемісін көруге жұмыс жүргізу;

2. Өңірлік жерлерде жұрттың жайылымдық, суармалы жерлерге қол жеткізе алмауы, ауыл маңындағы жерлердің жекелеген адамдардың меншігіне өтуі, ағын судың тапшылығы, тұрғындардың тіршілік көзінен айрылуына жол бермей, ауыл маңындағы жерлерді тұрғылықты хылықтың еш кедергісіз, ұтымды пайдалануына ықпал ету;

3. Әрбір жеке азаматтың  әл-ауқатының өсуіне, жалақысы жақсы жұмыс орындарының құрылуын қолға алу;

4. Ауыл тұрғындарының табысының, азық-түлік қауіпсіздігінің артуына, медициналық қызмет көрсету сапасын дамытуға, білім беру обьектілерінің материалдық-техникалық базасының нығаюына үлес қосу;

5. Мектептердің IT кабинеттерімен жабдықталуына ықпал ету;

6. Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету;

7. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауылды жерлерге тарту, олардың әлеуетінің дамуы үшін жағдай жасауға атсалысу;

8. Сапалы көлік жолдары, көше аралық жолдары, жарықтандыру, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

9.Мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясының дамуына үлес қосу;

10. Ауылдық жерлердің инфрақұрылымын өз дәрежесіне жеткізу жұмыстарының жүйелі және нәтижелі жүргізілу шараларына атсалысу;

11. Бүгінгі ауылдың өркендеуі үшін өте маңызды болып табылатын, жылдың кез-келген мезгілінде қиындықсыз жететіндей автожол, ауыл көшелеріне тас төгу, электр энергиясы, байланыстың тұрақты жұмыс атқаруы, ауыз су, ағын су, үйіргелік жерлерін суаратын судың болуы, сапалы білім алу үшін заманауи мектеп ғимараты, медициналық, мәдени ошақтар, спортпен айналысатын алаңдар мен залдар, абаттандыру шаралары, демалыс орындарының ашылуына ықпал ету.

Елдің алдына шығып, қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуді өзімнің  міндетім деп білемін.

Мықты сұраныстан, талаптан, сапалы нәтиже күтуге болады.

(Аудандық сайлау қоры есебінен төленді)

Мәліметпен бөлісу: