Алакөл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер (№3 сайлау округі) Копчикбаев Самат Жанашұлы


Өмірбаян

Копчикбаев Самат Жанашұлы 05.07.1990 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылында дүниеге келді.

1997 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды орта мектебінде 7 сыныпқа дейін оқып, 7 сыныптан бастап Талдықорған қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатын бітірді.

2008-2012 жылдар аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолын Алакөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 01.09.2012 жылы әдіскер болып бастады.

15.04.2014 жылы Алакөл ауданы Лепсі ауылдық округі әкімі аппаратының іс-қағаздарын жүргізу жөніндегі бас маманы лауазымын атқарды.

08.08.2017 жылы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды.

06.09.2019 жылы Алакөл ауданы Лепсі ауылдық округінің әкімі болып қызмет етті.

08.08.2022 жылдан бастап Алакөл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры лауазымында.     

Копчикбаев Самат Жанашұлы

Сайлауалды бағдарламасы

Қазақстан Республикасы өзінің қарқынды дамуының арқасында бүгінде алдыңғы қатарлы елдердің көшіне ілесіп, күллі әлемге жаңаша қырымен танылып келеді. Бұл халық пен биліктің берекелі тірлігінің және тұғырлы тәуелсіздігіміздің арқасы деп білемін.

Мен де өз кезегімде ел мүддесіне қарай қызмет ету мақсатында аудандық мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуды құп көріп отырмын.

Осы ретте төмендегідей сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:

  1. Халықтың тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында мемлекеттік түрлі жобалар мен бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына атсалысамын;
  2. Салауатты өмір салтын насихаттау және өңір халқының спортқа деген құлшынысын оята отырып, әр елді мекендердегі спорт үйірмелерінің жандануына, спорт алаңдары мен залдарының тиісті қызмет көрсетуіне және жаңа спорттық нысандардың бой көтеруіне үлесімді қосу;
  3. Инфрақұрылымды (ауыз су, жылу, жол, кәріз жүйесі) кеңейтуге негізделген жоспарлар мен жобалардың уақытылы жүзеге асуына, баспана құрылысы мен халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ісіне ерекше назар аударамын;
  4. Сандық сауаттылықты арттыру мақсатында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында шалғай жатқан ауылдарға интернет желісінің тартылуына және толлыққанды ақпараттық байланыс болуына ықпалдасамын;
  5. Тұрғындардың баспаналы болуына жол ашу мақсатында халыққа берілер жерлерге уақытылы инфрақұрылымның (ауыз су, жарық, жол, кәріз жүйесі) тартылуына және осы бағыттағы жұмыстардың жандануына үлес қосамын;
  6. Қоршаған ортаның тазалығына баса көңіл бөліп, жасыл экологиялы аумаққа айналуымызға күш саламын;
  7. Ауыл, қала көшелерінің жарықтандыру жұмыстарын қадағалап, бағаналар орнатылуына, ауыл-аймақтың абаттандырылуы мен көркеюіне атсалысамын;
  8. Елдің тұрмысын түзеуге бағытталған әр салаға жаңашылдықтарды енгізе отырып, халықтың мүддесіне қарай қызмет қылуына баса көз бөліп, жұрт үшін еңбек етуге барынша тырысамын.

Бұл менің Қазақстан Республикасының азаматы, елі мен жерін шексіз сүйген патриоты ретіндегі қолға алар ілкімді істерімнің бастамасы. Осы жолда бар жалыным мен бойдағы қуатымды толықтай пайдаланып, мемлекеттің болашағы үшін білек сыбана еңбек ететініме сенімдімін.

(Аудандық сайлау қоры есебінен төленді)

Мәліметпен бөлісу: