Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ирмекеев Нұрлыхан Аяджанұлы

Өмірбаяны

       Мен, Ирмекеев Нұрлыхан Аяджанұлы, Үшарал қаласында дүниеге келдім. «Алакөл-Асыл-Құрылыс» ЖШС директоры әрі жеке кәсіпкер ретінде құрылыс саласында еңбек етіп келемін. Негізгі ұстанымым – сапалы жұмыс пен жауапкершілік.

       Кәсіпкерлік тәжірибемді өңірдің дамуына, құрылыс саласының ілгерілеуіне және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағыттауды мақсат етемін.

Сайлауалды бағдарламасы

Ауданның жол инфрақұрылымын дамыту жоспарлары аясында Жағатал ауылдық округіндегі жөндеуді қажет ететін жолдарды анықтап, оларды жөндеу мәселесін тиісті органдар алдында көтеру. Қазақстан ауылында 2028 жылы Қ.Шуақұлы көшесінің  бойына 1 км 200 м тротуар салу және Ә.Молдағұлова көшесін жаңартамыз.

    Ауданның инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағыттарына сәйкес ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету және көше жарығын жақсарту мәселелерін көтеру.            2027 ж. Қазақстан ауылыдағы Қ.Сембайұлы көшесіне және 2029-2031 ж.ж. М.Әуезов, Б.Момышұлы, Жамбыл, Қойшыбаева, Мәңгілік ел көшелеріне  түнгі жарықтандыру шамдарын орнатылуын қадағалаймын.

Ауыл тұрғындарының мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен жеңілдетілген несиеге қолжетімділігін арттыруға, 5 шағын кәсіпкерлік пен          7  отбасылық бизнесті дамытуға жәрдемдесемін.

Ауданның агроөнеркәсіптік кешеніне инвестиция тарту және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы жоспарларды ескере отырып, жергілікті шаруашылықтарды қолдауға ықпал ету.

Ауылдағы шағын бизнесті, қызмет көрсету мен өнім өңдеуді қолдаймын. Аудан экономикасына инвестиция тарту, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту арқылы 5 жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларына ат салысамын.

Ауыл тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, медициналық нысандардың жағдайын жақсарту және қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру.

Жағатал ауылдық округі Қазақстан ауылында 2029 жылы ауыл тұрғындарына арнап спорт кешенін салынуына күш саламын.  

Әлеуметтік осал отбасыларға, қарттарға және мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу.

«Таза Қазақстан» аясында қаланың көшелерін көгалдандыру мен тазалықты ұдайы назарда ұстауды жүзеге асырымын және 2030 жылға дейін  қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кәсіпорынын іске қосуды қолға аламын.

Мәліметпен бөлісу: