
Өмірбаяны
Мен, Сеилгазинов Ерлан Нурмуханұлы Достық ауылдық округінің ерекшеліктерін ескере отырып, мəслихат депутаттығына кандидаттың 2026–2031 жылдарға арналған бес жылдық сайлауалды бағдарламасын дайындадым.
Достық ауылының болашағын тұрғындардың әл-ауқатымен, елді мекеннің көркеюімен және қордаланған мәселелердің кезең-кезеңімен шешілуімен байланыстырамын. Мен үшін ауылдың дамуы – құрғақ уәде емес, халықтың күнделікті өмірінен көрінетін оң өзгерістер.
Сайлауалды бағдарламасы
2027 жылы Достық ауылындағы Абай және Әлібаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін. Жолдардың сапалы жөнделуіне қоғамдық бақылау жасап, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігіне назар аударамын.
Ауыз су жəне жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға. Достық ауылында Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуналдық мəселелерін шешуге ықпал етемін. Көлік қатынасы, жол, жарықтандыру жəне байланыс сапасын жақсартуға; Шалғай елді мекендерде медициналық жəне өзге де қажетті қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.
Достық ауылдық округінде 9 инвестициялық жобаның жүзеге асуына қолдау көрсетемін. Жаңа өндіріс орындарын ашуға, жергілікті кәсіпкерліктің әлеуетін арттыруға және ауыл экономикасына
Шалғай елді мекендерде медициналық жəне өзге де қажетті қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Достық тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін.
Оқушылар мен ұстаздарға қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселесін көтеремін. 2030 жылы Достық ауылындағы Б. Момышұлы атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының жүзеге асуына ықпал етемін.
Əлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасыларға,зейнеткерлерге жəне мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуге. Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға күш саламын. Тұрғындардың баспана жəне коммуналдық қызмет мəселелерін тиісті мекемелер алдында көтеруге.
Достық ауылдық округі мектептеріндегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Достық ауылының көшелерін көгалдандыруға, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жақсартуға ықпал етемін. Сонымен қатар, 150 орындық ауылдық клуб салу жобасын қолдап, тұрғындардың мәдени демалысы мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мәселесін көтеремін.
