Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандит Каримов Досан Елжанұлы

Өмірбаяны

Каримов Досан Елжанұлы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында дүниеге келген. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде, «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2021 жылы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Құқықтану» мамандығын меңгеріп,  Д.А.Қонаев университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бақылау-тексеру бөлімінің маманы болып бастаған. «Алматы Азық» ЖШС-де жеткізу бөлімінің бастығы, сондай-ақ «Алматы» ӘКК ҰК» АҚ-да активтерді басқару бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. «DAUR-K» ЖШС-нің құрылтайшысы әрі директоры қызметін атқарған.

Сонымен қатар VII шақырылымдағы Алматы облыстық және Жетісу облыстық мәслихаттарының депутаты, VIII шақырылымдағы Алакөл ауданының мәслихат төрағасы қызметін атқарған.

Сайлауалды бағдарламасы

Жол – тіршілік күретамыры, байланыс пен табыс құралы. Осы ретте Үшарал қаласындағы көшелерді күрделі және ағымды жөндеуден өткізуге аса ден қоя отырып, әсіресе орталықтан шеткері орналасқан қысқа көшелерді ретке келтіруді қолға аламын. М.Әуезов, Ш.Айманов, Панфилов, Амангелді және Жастар көшелерін жарықтандыруға ықпал етемін.

Инфрақұрымдық инновацияны қолға ала отырып, әр аулаға ауыз судың жетуіне, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге, коммуналдық саланың сапалы әрі қолжетімді болуына, қызмет бағасының тұрақталынуына барынша атсалысамын.

Кәсіпкерлік – ел дамуының негізі. Осыған орай жеке бизнес секторындағы азаматтарға кең көлемде қолдау көрсету мен қала тұрғындарының жаңа кәсіп көздерін ашу үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуын басшылыққа аламын.

Медицина әлеуеті дамыған заманда жаңашылдықтар мен өзгерістердің әр тұрғынныі мүддесіне бағытталуы маңызды. Өңірдегі денсаулық сақтау саласына ден қоя отырып, медициналық нысандардың жөндеуден өтуіне байланысты  Үшарал қаласында жаңа аурухана құрылысының қарқынды жүруіне ықпал етемін.

ХХІ ғасыр жаңа технологиялар мен жасанды интелектің салтанат құрған заманы болғандықтан, өскелең ұрпақтың білім нәрімен сусындауына және ұстаздардың қабілеттілік деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстарды қолға аламын. Атап айтқанда, І.Жансүгіров атындағы орта мектептің ағымды және күрделі жөндеуден өтуіне, арнайы пәндік кабинеттердің лайықты жабдықталуына, оқушылардың заманауи әрі қауіпсіз білім алуына, мұғалімдердің біліктілікті жоғарылату курстарына тиімді қатысуына қолғабыс етемін. «Таза Қазақстан» бағдарламасын кеңінен қолдай отырып, қала тұрғындары арасында экологиялық оң мәдениетті қалыптастыруға

Мәліметпен бөлісу: