
Өмірбаяны
Ахметханұлы Еркебұлан, 1991 жылдың 30-шы қыркүйегінде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылдық округінде тұрады. 2013 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі уақытта Достық станциясы учаскесінің бастығы қызметін атқарады.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданындағы елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, инженерлік желілердің сапасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау – басты мақсатым. Ауызсу, жылу және коммуналдық қызметтерге қатысты мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, жолдар мен қоғамдық нысандардың жағдайын жақсартуға атсалысамын. Сонымен қатар тұрғындардың өтініш-тілектерін назарға алып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға күш саламын.
