
Өмірбаяны
Арынғазинов Олжас Арынғазыұлы, 1994 жылдың 20-шы тамызында Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2022 жылы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» РМК Алакөл өндірістік учаскесінде инженер-гидротехник болып бастаған.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданының тұрақты дамуына үлес қосу, су ресурстарын тиімді пайдалану және тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық беремін. Су жүйелерінің жағдайын жақсарту, ауыл шаруашылығын сумен қамту, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және экологиялық мәселелерді шешуге ықпал ету бағытында жұмыс жүргіземін. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысамын.
