
Өмірбаяны
Мен, Базарханов Айбек Жағдатұлы, жастар саласында еңбек етіп, жас ұрпақтың дамуы мен болашағына үлес қосуды басты мақсатым деп білемін. Сенімім берік: жастарға жасалған мүмкіндік – елдің ертеңіне салынған инвестиция.
Менің ұстанымым – жастардың үнін есту, бастамаларын қолдау және олардың қабілетін жүзеге асыруға жол ашу. Әрбір жастың білім алуына, кәсіби дамуына және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау – ортақ міндетіміз.
Сайлауалды бағдарламасы
Сапақ, Тоқжайлау, Үшбұлақ ауылының ішкі жолдарын жөндеу, көшелердің жағдайын жақсарту және көлік қатынасына қатысты тұрғындар көтерген мәселелерді тиісті органдарға жеткізіп, шешілуін бақылауға күш саламын.
Ауызсу сапасын бақылау, су желілерін жөндеу, газдандыру жұмыстарын қолдау және электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мәселелерін көтеру.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы мен басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесу. Шағын және отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл тұрғындарының жеке іс бастауына қолайлы жағдай жасауға ықпал ету.
Фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың мәселелерін көтеру, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану және ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету. Жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау.
Ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіптік оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету. Шағын бизнес пен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуіне, медициналық пункттердің жағдайын жақсартуға және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. Білікті медицина мамандарын тарту мәселесін көтеру.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтауға және интернет сапасын арттыруға ықпал ету. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын дамытуға, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудару.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал ету. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін назарға алып, балаларды қолдау бастамаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Ақжар және Екпінді ауылдарында мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, байланыс қамту аясын кеңейтуге және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдардың тазалығын сақтауға, көшелерді көгалдандыруға, қоғамдық орындарды абаттандыруға және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару мәселелерін шешуге ықпал ету. Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға назар аударамын.
