Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Бекпаев Ерікжан Жүкенұлы

Өмірбаяны

Бекпаев Ерікжан Жүкенұлы, 1969 жылдың 8 маусымында КƏСІБИ ЖЕТІСТІКТЕРІ Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Майлышат ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1986 жылы «Путь Ленина» совхозында жұмысшы ретінде бастаған. 1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, орман шаруашылығының инженері мамандығын алған. 1988–1989 жылдары Совет Əскері қатарында борышын өтеген. 1993–1995 жылдары Андреев орман шаруашылығы кəсіпорнында орманшы, 1995–1996 жылдары Үйгентас орман шаруашылығында орман қорғау инженері болды. 1996 жылы бас орманшы болып тағайындалды. 2000 жылдан директордың орынбасары, 2014 жылдан Үйгентас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарады. 2019 жылы мекеме «Ең үздік орман шаруашылығы мекемесі» номинациясына ие болды. Мекеме жыл сайын ҚР АШМ Орман шаруашылығы комитеті мен жергілікті органдардың алғыс хаттары жəне грамоталарымен марапатталып келеді.

Сайлауалды бағдарламасы

Жастардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына жағдай жасау. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған бағдарламалар мен гранттар бойынша тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқыту дәрістерін ұйымдастыру.

Шаруа қожалықтарын, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен серіктестіктерді дамытуға, шағын бизнесті жоспарлау мен заманауи менеджментті жетілдіруге, мал шаруашылығындағы селекциялық асылдандыруға және ветеринария саласындағы кәсіби білімді арттыруға күш саламын.

Өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін тиімді пайдаланып, халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге, өнім өндіру мен сақтауды дамытуға ықпал етемін.

Мемлекеттік қолдау шаралары, ақпараттық ресурстар мен түрлі мүмкіндіктердің ауыл тұрғындарына қолжетімділігін арттыруға және ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға күш саламын.

Өңірдің табиғи ортасын сақтау, орман алқаптарын қорғау және көбейту, жайылымдар мен су көздерінің экологиялық жағдайын жақсарту, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға атсалысамын.

Мәліметпен бөлісу: