
Өмірбаян
Әділбек Досымбек Жексембекұлы 1994 жылы 29 мамырда Жетісу облысы, Сарқан ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Жетісу облысы Сарқан ауданы Көктерек ауылының М.Мәметова атындағы орта мектепте, 2002 жылы Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылына қоныс аударып сол ауылдағы М.Әубәкіров атындағы орта мектепте оқыған. Аталған мектепті 2012 жылы 11 сыныбын бітірген. 2012 жылы Алматы қаласындағы Алматы энергетика және электронды технологиялар коледжіне оқуға түсіп, 2014 жылы аталған коледжді «Электрик» мамандығы бойынша бітірген. 2015-2016 жылы Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген.
2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылындағы М.Жұмабаев атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесінде математика пәні мұғалімі болып қызмет атқарамын.
Сайлауалды бағдарламасы
Мен осы өңірде туып-өсіп, ауылымыздың тыныс-тіршілігін, қуанышы мен мұңын іштен білетін азаматпын. Ауданымыз бен ауылдарымыздың болашағы, балаларымыздың ертеңі мен қарияларымыздың амандығы – мен үшін басты орында. Ауыл – елдің алтын бесігі. Ауыл дамыса – аудан дамиды, мемлекетіміз нығайады! Депутаттыққа кандидатурамды ұсына отырып, мен сіздердің сенімдеріңізді ақтауға және жинақталған мәселелерді нақты іспен шешуге дайынмын.
Ауыл ішілік жолдарды жөндеу және аудан орталығымен байланыстыратын жолдардың сапасын бақылауға алу.
Әрбір үйге таза ауыз судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету.
Ауыл көшелерін толық жарықтандыру, балалар ойын алаңдары мен спорттық алаңқайларды салу.
Электр желілерін жаңарту, ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты интернет сапасын арттыру.
Ауыл тұрғындарының малын жаюға арналған жайылымдық жерлерді кайтару және тиімді бөлуді талап ету.
Шағын мен орта шаруаларға, отбасылық фермаларға мемлекеттік қолдаулардың (субсидия, «Ауыл аманаты» бағдарламалары) әділ әрі қолжетімді болуын қадағалау.
