Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер үлейменов Серік Жұмәділұлы

Өмірбаяны

Сүлейменов Серік Жұмәділұлы 1963 жылдың 14-ші қарашасында Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында тұрады. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ЖУС сервис» жеке кәсіпкерлігінде менеджер болып еңбек етіп келеді.

Сайлауалды бағдарламасы

Алакөл ауданының дамуына үлес қосу, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету және халықтың әл-ауқатын арттыру – басты мақсатым. Елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, жол, абаттандыру және коммуналдық қызметтер сапасын көтеру, халықтың ұсыныс-пікірлерін назарға алу бағытында жұмыс жүргіземін. Тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың мүддесін қорғауға және ауданның өркендеуіне атсалысуға күш саламын.

Мәліметпен бөлісу: