
Өмірбаяны
Мен, Мукашев Самат Саметұлы, Көлбай ауылында дүниеге келдім. Мамандығым бойынша заңгермін.
Алматы қаласындағы арнайы жасақта қызмет атқардым. Одан кейінгі еңбек жолым өндіріс, басқару және құрылыс салаларымен тығыз байланысты болды. Құрылыс компаниясын басқарған жылдары Талдықорған қаласындағы спорт нысандарының құрылысына қатыстым. 2014 жылы жеке құрылыс компаниямды құрып, түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен айналыстым. 2019 жылдан бастап отбасыммен бірге ауыл шаруашылығына бет бұрып, егін және мал шаруашылығымен айналысып келемін.
Жинаған тәжірибем мен білімімді ауданның дамуына бағыттап, тұрғындарды толғандыратын мәселелердің шешілуіне өз өкілеттігім шеңберінде атсалысуды мақсат етемін.
Сайлауалды бағдарламасы
Қауіпті жол учаскелеріне жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуға, Көлбай ауылындағы Амангелді көшесінің 1,3 км жолын жөндеуге ықпал етемін. Жол жөндеу сапасына қоғамдық бақылау жүргізіп, қыс мезгілінде жолдардың уақтылы тазаланып, қауіпсіз күтіп-ұсталуына назар аударамын.
Ауыз су сапасын бақылау, су желілерін жөндеу, газдандыру жұмыстарын жандандыру және Қызылқайың, Көлбай, Әлемді ауылдарындағы жарық жүргізілмеген көшелерді электрмен жабдықтау мәселелерін ілгерілету.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы және басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы Қолбай ауылдық округі тұрғындарының жеңілдетілген несие алуына жәрдемдесемін. 2026–2029 жылдары микрокредит пен лизинг арқылы 12 кәсіпкерлік жобаның жүзеге асуына, шағын бизнестің дамуына және 12 жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етемін.
Фермерлер мен жеке шаруашылықтардың мәселелері бойынша, жайылымдық жерлерді электрондық картаға еңгізу және ветеринариялық қызметте ірі қара, жылқы малдарын чиптеу жұмыстарын жүргізу арқылы саланы цифрландыру. 2027 жылы лизингке ауылшаруашылық техникаларын (1 комбайн, 1 қызылща өңдеу техникасын, 2 МТЗ көлігін) алуға қол жеткізу.
Ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіптік оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету. Шағын бизнес пен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдардың тазалығын сақтауға, көшелерді көгалдандыруға, қоғамдық орындарды абаттандыруға және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару мәселелері бойынша әр көшеге қоқыс жәшіктерін қоюды қолға алу. Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға назар
