
ӨМІРБАЯН
Оспанова Дина Жансериковна, 1996 жылы 16 желтоқсанда Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Тоқжайлау орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2014 жылы аталған мектептің 11-сыныбын аяқтаған.
2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсіп, 2018 жылы аталған оқу орнын «Педагог-психолог» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2018 жылы Тоқжайлау орта мектебінде педагог-психолог қызметінен бастады. 2024 жылдан бастап «Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілердің мүдделерін қорғауға, жергілікті өнімдерді өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге және фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімді болуына жәрдемдесу. Ауданның ауыл шаруашылығы әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған бастамаларды қолдау.
Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуіне, медициналық пункттердің жағдайын жақсартуға және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. Білікті медицина мамандарын тарту мәселесін көтеру.
Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуын қолдаймын.
Ауылдардағы жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды жүзеге асырамын.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдардың тазалығын сақтауға, көшелерді көгалдандыруға, қоғамдық орындарды абаттандыруға және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару мәселелерін шешуге ықпал ету. Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға назар аудару.
