Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Сағатжанов Қанат Қапанұлы

Өмірбаяны

Сағатжанов Қанат Қапанұлы, 1967 жылдың 7-ші маусымында Талдықорған облысы, Үшарал қаласында дүниеге келген. 1984 жылы ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылдан бастап «Айдынды Алакөл» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.

Сайлауалды бағдарламасы

Алакөл ауданында ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарының әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету – басты мақсатым. Жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бастамаларын қолдауға, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысамын. Сонымен қатар ауданның экономикалық дамуына, инфрақұрылымның жақсаруына және тұрғындардың өзекті мәселелерінің шешілуіне үлес қосуға күш саламын.

Мәліметпен бөлісу: