Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Садыкова Балжан Мухатбековна

Өмірбаяны

Мен, Садыкова Балжан Мухатбековна, мәдениет үйінің әдіскері ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру, мәдени-көпшілік іс-шараларды жоспарлау және өткізу жұмыстарын жүзеге асырамын.

Депутаттық қызмет – мен үшін мәртебе ғана емес, халық сенімін ақтау жолындағы үлкен жауапкершілік. Мен үшін ең басты құндылық – халықтың сенімі, ал ең маңызды нәтиже – ауылдың  көркеюі, ауыл шаруашылығының өркендеуі және тұрғындардың әл-ауқатының артуы.

Сайлауалды бағдарламасы

Қабанбай ауылы  жолдарының жағдайын жақсартуға, жөндеуді қажет ететін учаскелерді тиісті жоспарларға енгізуге және елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға ықпал ету.

Қабанбай ауылы тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын арттыру және көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтеру. Ауылдарға газ тарату желілерін дамыту жоспарының іске асырылуына қолдау көрсету.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы мен басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесу. Шағын және отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл тұрғындарының жеке іс бастауына қолайлы жағдай жасауға ықпал ету.

Ауыл тұрғындарының мал жаюға қолайлы жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыруға және жайылымдарды тиімді пайдалануға ықпал ету. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатыстыруға, мал шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мәселелерін шешуге қолдау көрсету.

Қабанбай ауылында жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіптік оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету. Шағын бизнес пен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.

Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуіне, медициналық пункттердің жағдайын жақсартуға және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. Білікті медицина мамандарын тарту мәселесін көтеру.

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтауға және интернет сапасын арттыруға ықпал ету. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын дамытуға, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудару.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал ету. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін назарға алып, балаларды қолдау бастамаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу.

Ауылда мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, байланыс қамту аясын кеңейтуге және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдардың тазалығын сақтауға, көшелерді көгалдандыруға, қоғамдық орындарды абаттандыруға және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару мәселелерін шешуге ықпал ету. Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға назар аудару.

Мәліметпен бөлісу: