
Өмірбаяны
Сайдильдин Бақтияр Бақтыбайұлы, 1985 жылдың 9-шы сәуірінде Алматы облысы, Үшарал қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Алматы қаласындағы М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясын «Локомотив шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2002 жылдан бастап теміржол саласында еңбек етіп келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, ауылдардағы жол және көлік инфрақұрылымын жақсартуға ықпал ету – басты мақсатым. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, мәдениет пен спорт саласындағы бастамаларды қолдауға, жастардың дамуына және елді мекендердегі өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысамын. Халықпен тығыз байланыс орнатып, аудан игілігі жолында еңбек етуге күш саламын.
