
Өмірбаяны
Шабданов Бақтияр Тілеубайұлы, 1985 жылдың 2-ші шілдесінде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жайпақ ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылдан бастап педагогика саласында еңбек етіп келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Алакөл ауданының ауылдық елді мекендерін дамыту, білім беру сапасын арттыру және бұқаралық спортты қолдау – басты мақсатым. Ауыл балаларының спортпен шұғылдануына жағдай жасау, спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысамын. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, ауылдың дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жұмыс жүргіземін.
