Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы

Өмірбаяны

Мен, Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы, білім саласында еңбек етіп, Көктұма қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарудамын.

Кәсіби қызметімде күнделікті оқушылармен, ата-аналар және педагогтердің жұмысын үйлестірумен айналысамын. Білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесі қоғам үшін де еңбек етудің маңызды екенін ұқтырды.

Сайлауалды бағдарламасы

Ауылдардың ішкі көшелері мен көлік қатынасына қатысты тұрғындар ұсынысын жүйелі көтеремін. Партияның жол картасына 2027 жылға енгізілген Жайпақ ауылындағы Жансүгіров көшесінің 1,1 км проблемалы учаскелерін жөндеу жұмыстарының жүзеге асырылуына үлесімді қосамын

Қайнар ауылында көзделген газ желісі жобаларын және Көктұма ауылында жоспарланған кәріз жүйесінің салынуын бақылауды жүзеге асырамын. Ауылдарда сумен жабдықтау мәселелерінің шешілуіне және жарықтандыру жұмыстарының мерзімі мен сапасына назар аударамын.

Ақши және Көктұма ауылдарының туристік әлеуетін арттыруға, демалыс орындары мен қонақ үйлерді дамытуға, туристерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға ықпал етемін. Туризм саласындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті тұрғындардың табысын арттыруға күш саламын.

Қайнар, Көктұма ауылындарында мал қорымын (биотермиялық шұңқыр) салуға жер учаскесін бөлу шараларының жүзеге асуын бақылауға аламын. Ветеринариялық инфрақұрылымды дамытуда және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігі бойынша тұрғындар ұсынысын көтеремін.

Ақши ауылында өрт сөндіру депосының салынуын назарға аламын. Жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға күш саламын.

Көктұма ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеуінің жүзеге асуына күш саламын. Ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін.

Ауылдардағы мектептердің материалдық — техникалық жабдықталуын жақсарту, білім беру мекемелеріне баратын жолда қауіпсіз жағдай жасау шараларын қадағалауды мақсат етемін.

Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуын қолдаймын.

Ауылдардағы жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды жүзеге асырамын.

Жайпақ ауылындағы 150 орындық блокты-модульді мәдениет үйінің салынуына үлесімді қосамын. «Таза Қазақстан» аясында ауыл көшелерін көгалдандыру шараларын бақылауды жүзеге асырамын.

Мәліметпен бөлісу: