9 сәуір күні елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеуді ҚР Президенті Қ.Тоқаев жариялады.
Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешіммен таныстырды.
Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам.
Қ.Тоқаевтың сайлауды өткізу туралы шешімі өте дұрыс. Себебі, президентті халық сайлау керек. Елбасы Конституциямызға сәйкес Тоқаевқа мемлекеттік билікті қолына бергенімен, ол уақытша президент ретінде қабылданып отырғаны жасырын емес. Ал елде саяси тұрақсыздық пен белгісіздік болмау үшін сайлау арқылы сайланған президентіміздің нық отырғаны дұрыс. Бұл президентке толыққанды ішкі-сыртқы саясатымызды жүргізіп, мемлекеттік даму стратегиямызды әрі қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.