Аталған жобада несие берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған тұрғындар, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер үшін және қаржылық сауаттылығын арттырамын дегендердің барлығы үшін арналған. Оқу курсы барысында қатысушылар қаржылық сауаттылықты арттырып қана қоймай, алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары да айтылады.
Оның қатарында:
- enbek.kz порталына тіркелу;
- Жеке кәсіпкерлік ашу;
- Банкроттықты сүйемелдеу;
- Берешекті өтеу кестесін әзірлеу алдындағы түйткілді сұрақтар;
- Банктерге, микрокредиттік ұйымдарға несиелік қарыздары бар азаматтардың жүктемесін жеңілдету сынды бағыттарда ақпарат берілді.
Оқыту бес күнге созылды. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренуді және т. б. үйретті.