Алакөл ауданында сайлау учаскілері өз жұмысын бастады


Айдынды Алакөлдің халқы таң бозымен таласа сайлау учаскелеріне келуде. Сағат 07:00, алғашқы сайлаушылар өз дауыстарын беруде.
Өңірімізде жалпы 53 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру құқығына ие тұрғындар саны — 41 921.
Барлық сайлау учаскелері бүгінгі науқанға сақадай сай. Маңызды күнге орай сайлау учаскелерінде концерттік бағдарламалар, спорттық-мәдени шаралар да қарастырылған. Ең алғаш келуші, ең егде жастағы дауыс беруші, ең жас сайлаушы секілді азаматтарға арнайы сыйлықтар да әзір.
Бүгін баршамыз үшін маңызды күн. Бағзыда ақ киіздегі хандар бастаған құрылтай, бүгінде халықтың ақ үмітін арқалаған депутаттарды біріктірген “Құрылтайға” айналады.
Ел болашағына өзіндік үлесі бар саяси науқаннан көпшілік қалыс қалмайды деген сенімдеміз. Себебі, әр азаматтың дауысы маңызды, таңдауының үлес салмағы мол. Бірлік туы астындағы тастүйін ымырашылдықты көрсетіп, елдік сапарымыздың кезекті қадамын басуға атсалысайық.
Алакөл ақпарат.

Мәліметпен бөлісу: