Ауданда COVID-19 сырқатымен 2020 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін 1782 жағдай, соның ішінде 2020 жылда 253 науқас болса, жыл басынан 1529 адам індетке шалдықты, яғни ауру көрсеткіші 6,0 есе артты. 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші – 2613,8, аурудың өсу қарқыны – 0,5% .
Соңғы 2 аптадағы 106 науқас 22 елді мекенде анықталды.
Биылғы жылдың наурыз айынан бастап ауданда коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары жүргізілуде. КВИ инфекциясына қарсы вакцинациялауды жүргізетін 18 егу пункті, 7 егу бригадасы ұйымдастырылған. Барлығы облыстық қоймадан 62 480 доза алынды. Бүгінгі күнге дейін екпенің бірінші бөлігін 26 208 адам, екінші компонентін 23 389 тұрғын салдырды.