Елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Акцияның өзі бірнеше апталықтарға бөлінген. Атап айтқанда, 6-13 сәуір аралығы – «Таза өлке» апталығы, 13-20 сәуір аралығы – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығы – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін — «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы.
Осыған орай, Қабанбай ауылының тұрғындары да акцияға ерекше қолдау білдірді. Ауыл тұрғындары қоғам қайраткері, жазушы Ә. Әлімжанов атындағы саябағында орналасқан Ә. Әлімжанов ескерткіші мен ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды.
#тазақазақстан #киелімекен