
Бабалардан мұра болып қалған көкпар өнерін дәріптеп жүрген азаматтар тек спортта ғана емес, ел тағдырына қатысты маңызды сәттерде де белсенділік танытып келеді.
Бүгінде Алакөлдің көкпаршылары халықпен бірге ел болашағы үшін маңызды қадам – жаңа Конституцияны қолдайтындарын білдірді. Ұлттық дәстүрді ұлықтаған жігіттер елдің бірлігі мен тұрақтылығын басты құндылық санап, мемлекет дамуына бағытталған бастамаларға әрдайым қолдау көрсететіндерін жеткізді.

Көкпар – ерлік пен жігердің, намыс пен бірліктің символы. Осындай рухты ұстанған Алакөлдің көкпаршылары да елмен бірге жаңа өзгерістерге үн қосып, халықты ортақ мақсат жолында бірігуге шақыруда. Бұл – туған жерге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.
