
Корея Республикасының Сеул қаласында жасөспірімдер арасында Комбат Джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатында Алакөл ауданының жас спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.
Халықаралық додада Қазақстанның намысын қорғаған жерлестеріміз үш жүлделі орынға ие болды.
🥇 Даниял Қайратұлы — 16–17 жас, 65 кг салмақ дәрежесінде І орын;
🥇 Нұрислам Кенжебекұлы — 14–15 жас, 45 кг салмақ дәрежесінде І орын;
🥉 Санжар Ғалымұлы — 12–13 жас, 45 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді.
Жас спортшылардың дайындығына жекпе-жектен ересектер құрама командасының аға жаттықтырушысы, спорт шебері Арнұр Нұрланұлы жетекші болды.
Жерлестеріміздің халықаралық додада топ жарып, ел мерейін асқақтатуы — тынымсыз еңбектің, табандылық пен жоғары дайындықтың нәтижесі.
Алакөл ауданының спортшыларына алдағы жарыстарда да толағай табыс, биік белестер мен жеңістер тілейміз!
