Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 16. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Алакөлде жаңа әкім


Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданына ат басын тіреп, жаңа әкімді орнына отырғызды.

Алдымен аудандық мәслихат депутаттарымен өткен сессия барысында үміткер ретінде бұған дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған Алмас Абдинов ұсынылды. Мәслихат депуттары бір ауыздан келісім беріп, облыс басшысы жаңа әкімді тағайындады.

Артынша аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында актив жиналысы өтті.

Сөз алған облыс басшысы А.Баталов ауданның даму перспективасы өте жоғары екендігіне тоқтала келіп: «Алакөл облысымыздағы қуатты туристік орталық. Мұнда жыл сайын миллиондаған меймандар келіп, емдік қасиеті мол көл бойында демалуда. Соңғы жалдары өңірдің даму жылдамдығы да артып келеді. Аудан тұғырын тіктеп отырған қай салаға назар аударсаңыз да тұрақты өркендеу даңғылына түскенін байқасыздар. Қазіргі таңда көл жағалауын бекіту, ауыл шаруашылығы жерлерін, соның ішінде егістік даласын кеңейту, «Жалын» лагерін күрделі жөндеуден өткізіп, қайта іске қосу, құрылыс және инфрақұрылым, жол мәселелері оң шешімін тауып отыр. Алдағы жоспарлар легі де ауқымды»,- дей келе, он жыл шамасында ауданды басқарған Әлібек Жақанбаевқа алғыс білдіріп, жаңа қызмет орнында да осы беталысынан танбасын деген тілегін жеткізді.

Ауданның айтулы қадамдарын тізбектеп шығып, ендігі тізгінді ұстар Алмас Абдиновтың ісіне береке, жұмысына табыс тілей келе: «Бұған дейін орынбасар қызметінде болып, Алакөлдің тыныс-тіршілігімен жіті таныстың. Халықтың да алғысы мен қолпаштауына ие болдың. Атқарған жұмыстарыңа оң баға берілуде. Ендігі кезекте, жаңа қызметте жауапкершілік жүгі ауырлай түседі. Сол жүкті, елдің сенімін көтере біл»,-деп, ақжарма ниетін жеткізді.

Мінберге көтерілген Ә.Жақанбаев облыс басшысы мен талай жылғы қызметінде қолдау көрсеткен өңір халқына және әріптестеріне алғысын білдіріп, қызметі ауысса да Алакөл жұртымен бірге екендігін жеткізді.

Жаңадан тағайындалған аудан әкімі А.Абдинов басшылық пен бұқара атынан білдірілген сенімді толықтай ақтап, үміт үдесінен шығу үшін барын салатындығын айтып өтті.

Алматы облысының Құрметті азаматтары Мұхтар Жолжанов пен Қанат Қожабеков жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілей келе, облыс басшысының Алакөлге көрсетіп жатқан орасан зор көмегі үшін шексіз ризашылықтарын білдірді.

Артынша А.Баталов Алакөл ауданының тізгінін ұстаған А.Абдиновты қызметтік орнына отырғызды.

Айта кетерлігі, Алмас Сапарғалиұлы 1972 жылы 15 ақпанда Алакөл ауданы, Бұлақты ауылында дүниеге келген.

1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тарих және құқық пәнінің оқытушысы, 2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Алакөл ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік мәдени сала, білім және денсаулық сақтау бөлімі бас маманының міндетін атқарушы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Алакөл ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік мәдени сала, білім және денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік құқық және кадрмен жұмыс бөлімінің бас маманы, аудан әкімінің көмекшісі, Қамысқала ауылдық округінің әкімі, Үшарал қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың 26 мамырынан бастап Алакөл ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ,

Алакөл ауданы.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov