Алакөлдік кәсіпкер жеңімпаз атанды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-orkenieti» орталығы және «Жаңа Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «ҚР үздік іскер әйелдері» атты республикалық форум және байқау  өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік жылдары еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына барлық салада үлес қосып жүрген ханымдарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Осы байқауға қатысқан жерлесіміз Раиса Досмагулова топтан суырылып шығып, жеңімпаз атанған. Жеңімпазға «ҚР Үздік іскер әйелі» деген төсбелгі, төсбелгінің куәлігі, «ҚР Үздік іскер әйелі» статуэткасы, Құрмет грамотасы берілді. Сондай-ақ кәсіпкерге қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталған. Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласындағы конференцияда өткен.

А.ӘБИТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: