Республика аумағында 6 сәуір күнінен «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы бастау алды. 5 аптаға созылған акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» апталығында Алакөл ауданы аумағында экологиялық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда, Үшарал қаласы, «Даңқ» аллеясында орналасқан ҰОС ардагерлеріне арналған, үш мәрте Социалистік еңбек ері, қоғам қайраткері Д. Қонаев ескерткіші, Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға арналған, ауған соғысы ардагерлеріне арналған және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштерге тазалық жұмыстары атқарылды.
Қоршаған ортаны көркейтіп, экологиялық сенбілік жұмыстарын жүргізуге ауданымыздың Ауған соғысының ардагерлері, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен мәдениет саласының қызметкерлері белсене атсалысты.
Айта кетерлігі, жалпы Үшарал қаласы бойынша 250 адам, 2 арнайы техникалар жұмылдырылып, 20 тоннадан аса қоқыс шығарылды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.