Алмат Есенбеков – облыстық дода жеңімпазы


2024 жылы 9 қыркүйек сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық Антикор мекемесі мен облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйытқы болуымен журналистер арасында аталған індеттің тамырын кесу мақсатында байқау ұйымдастырылған болатын.
Жетісу өңірінің басылымдары мен телеканалдары, аудандық, облыстық газеттер мен журналдардың журналистері бақ сынаған додада «Алакөл» аудандық газетінің бас редакторы, Жетісу облыстық жастарды қолдау жөніндегі кеңесінің төрағасы, ақын, жазушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Алмат Есенбеков Асхатұлы жеңімпаз атанды.
Ғаламтор беттерінде жарияланған сыбайлас жемқорлыққпен күреске үлесін тигізер мақалалардың ішінен үздік шығып, арнайы статуетка, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Мәліметпен бөлісу: