Бүгінгі таңда облыс ауруханаларында 1060 адам емделуде. Бір тәулік ішінде өңір ауруханаларына 98 адам келіп түсті. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 47,2% — ды құрайды. Реанимациялық бөлімшеде – 38 пациент, оның ішінде ИВЛ аппаратында-4 адам, реанимациялық төсек-орын жүктемесі -17,2% (220 төсек) құрайды.
Ал өткен тәулікте Алматы облысында Covid-19 89 жағдайы тіркелді. Оның ішінде Талдықорған қаласында – 18, Панфилов ауданында – 15, Текелі қаласында – 8, Алакөл ауданында – 7, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Кербұлақ және Ұйғыр аудандарында – 6, Жамбыл, Іле аудандарында – 5, Талғар – 4, Қарасай-2, Кеген ауданында-1 жағдай.
Қазіргі таңда өңір коронавирустың таралу қарқыны бойынша» жасыл » аймақта орналасқан.
Сондай-ақ, облыста Covid-19 вакцинасының бірінші компонентімен 817 301 адам егілді. Оның ішінде өткен тәулікте 1938 егілді. Вакцинаның екінші компонентін 740 609 адам алды. Оның ішінде өткен тәулікте 2125 егілді.