Алматы облысы тұрғындарының 42% – ы екпе алды


Бүгінгі таңда Алматы облысында Алматы облысы тұрғындарының 42% КВИ-ға қарсы вакцина алды, деп хабарлайды JETISÝ MEDIA. Алматы облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің болжамы бойынша, қыркүйектің соңына дейін жетісулықтардың 60%-ы вакцина алады.
Айта кету керек, вакцинация – пандемияны тоқтатудың жалғыз жолы. Сонымен қатар, денсаулықты сақтаудың және аурудың алдын-алудың ең тиімді әдісі. Өйткені, бүгінгі таңда облыс қызыл аймақта орналасқан.
СЭС ақпараты бойынша, 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1408,3 құрады.
“Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4% – дан 0,6% – ға дейін артты. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 1,2%, Балқаш – 0,7%, Еңбекшіқазақ – 0,7%, Іле – 0,8%, Қарасай – 1,1%, Қаратал – 0,7%, Райымбек – 1,0%, Талғар-0,7% аудандарында байқалады. Соңғы тәулікте КВИ 230 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,8%, оның ішінде 196 симптомдық (85,2%) және 34 симптомсыз (14,7%) жағдай. 14 жасқа дейінгі 22 бала, студенттер арасында 18 және 3 жағдай”, – делінген ведомствода.

Мәліметпен бөлісу: