Облыс бойынша COVID-19 өсу қарқыны соңғы екі аптаны салыстыру кезінде 0,3%-дан (04.02-10.02) 0,2% — ға дейін (11.02-17.02) төмендеді. Соңғы аптада өсімнің ең жоғары қарқыны Ақсу ауданы мен Текелі қаласында байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ-дің 104 жағдайы тіркелді, оның ішінде 85 симптомдық (81,7%) және 19 симптомсыз (18,3%) жағдай. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 7 және оқушылар арасында 4 КВИ жағдайы тіркелді.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы: Ақсу-4, Алакөл-9, Еңбекшіқазақ-3, Ескелді-3, Жамбыл-2, Іле-10, Қарасай-3, Қаратал-7, Кербұлақ-2, Көксу-4, Сарқан-7, Талғар-8, ұйғыр-4, Талдықорған-23, Текелі қаласы-15.
Естеріңізге сала кетейік, пандемия басталғаннан бері ағымдағы жылдың 18 ақпанына дейін КВИ-дің 69 072 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 52 558 жағдай симптом белгілерімен.