Өңірде өткен тәлікте 181 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Нәтижесінде аурудың өсу қарқыны 0,4%-ы құрап отыр. Індет жұқтырғандардың арасында 14 жасқа дейінгі 28 бала, 19 оқушы мен 12 студент бар.
Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 0,7%, Еңбекшіқазақ – 0,6%, Ескелді – 0,6, Кербұлақ – 0,5%, Сарқан – 0,7%, Ұйғыр – 0,6% және Талдықорған қаласында – 0,5% байқалады
Айта кетейік, 29 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 50 562 жағдай тіркелген, оның ішінде 36 897-де ауру белгілері бар.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2374,0 құрады.