Алматы облысында 1448 медицина қызметкері үстемақы алды

Алматы облысында 1448 медицина қызметкері үстемақы алды
Төтенше жағдай кезінде аяқтарынан тік тұрып, қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыйақы тағайындауды ұсынған болатын.


Осыған сәйкес, Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 «әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау мақсатында COVID-19 коронавирусымен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің тізімін жергілікті медициналық мекемелердің ұсынысы бойынша қарастырды.
Денсаулық сақтау ұйымдарының 1448 қызметкеріне, оның ішінде 205 дәрігерге, 882 орта медициналық қызметкерлерге, 361 кіші медициналық қызметкерлерге республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен еңбекақы төленді.
Сонымен қатар, облыс әкімінің қаулысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 1 023 медицина қызметкерлеріне, оның ішінде 178 дәрігерге, 528 орта медициналық қызметкерлерге, 317 кіші медициналық қызметкерлерге сыйақы беру үшін қосымша қаржы бөлінді.

Мәліметпен бөлісу: