Алматы облысында айналымға қосымша 126 мың га суармалы жер енгізілетін болады

Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту үшін ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, Ислам даму банкінен займ тартылып жатыр. Биылғы жылы 4 ауданда 18 млрд. теңгенің қанатқақты жобалары жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
7 мың гектар жерді суландыратын Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру мәселесі де шешімін тапты.
Осы жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылға қарай 126 мың гектар суармалы жер қосымша айналымға енгізіліп, бұл өз кезегінде өнім көлемін 80 млрд. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәліметпен бөлісу: