Алматы облысында газдандыру ісі қарқын алды

Қазіргі уақытта облыста газдандыру деңгейі 22,8%-ды құрайды, атап айтқанда, 108 елді мекенде газдандыру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың аяғына дейін көрсеткіш жоғарлайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қанағатов Әсет баяндады.

Талдықорған қаласындағы қалаішілік газбен қамтамасыз ету жобасының жалпы құны 22,5 млрд.теңгені құрайды. Газбен жабдықтау желілерінің ұзындығы 1,2 мың км.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1,3 млрд.теңге жеке инвестициялар есебінен Көксу ауданындағы Балпық би кентінегаз тарату желілерінің құрылысы іске асырылуда. Ауылішілік газ құбырының ұзындығы 119 км құрайды.

Текелі қаласын және Ескелді ауданының елді мекендерін газбен жабдықтау үшін 10,4 млрд.теңгеге инвестор тартылды.
Панфилов және Еңбекшіқазақ аудандарын газдандыру жоспарына сәйкес газбен жабдықтау 2017-2020 жылдарға есептелген, осы кезеңде 5 елді мекенді газбен жабдықтау көзделеді. Қазіргі уақытта екі ауданды газдандыруға инвестициялар тартылуда.

Ұйғыр ауданында 6,5 млрд.теңге жеке инвестициялар есебінен «Шарын» АГТС және 55,5 км жеткізуші газ құбыры салынды. Онда 35 км кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды.

«Алматы облысының елді мекендерін газдандыруға 2016 жылдан бастап жергілікті және республикалық бюджеттерден 12,8 млрд.теңге бөлініп, 36,2 млрд.теңге инвестиция тартылды, яғни инвестициялар бюджеттік қаражаттан 3 есе көп», — деп қорытындылады Ә.Қанағатов.

Мәліметпен бөлісу: