Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 13. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Алматы облысында инклюзивті білім беру жүйесі оң белес алуда

Қазіргі таңдағы әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселенің бірі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қоғамнан шеттетпей, отбасының қасында білім алуы болып отыр. Осы жаһандық мәселенің шешімін ғалымдар инклюзивті білім беру жүйісін қалыптастыру деп баға берді.

Инклюзивтік білім беру дегеніміз — барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы — барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген.

Айта кету керек,мұндай білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылы қолға алынса, Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020» жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

Бүгінде арнайы білім берудің осы түрі Алматы облысында баса назар аударылуда. Жалпы аймақта 2006 жылдан бері білім саласында мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету, оқытумен қамту мақсатында 7 психологиялық-медициналық педагогикалық консультациялар, 15 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер, 7 арнайы мектеп-интернаттар ашылып белсенді жұмыс жасайды.

Облыста барлығы 444 оқу орнында кедергісіз орта, яғни 67 балабақша, 329 мектеп, 57 колледж, ол барлық білім беру ұйымдарының жалпы санын алғанда 31 % -ын құраған. Соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша 49 арнайы мектепте 2228 оқушы инклюзивті біліммен қамтылған .

Алматы облысының білім басқармасының мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімінің басшысы ГүлжанЕлубаеваның айтуынша жыл соңына дейін инклюзивті білім беретін 100 маманды жұмысқа тарту көзделді дейді.

«Экологиялық жағдай мен әлеуметтік мәселелерге байланысты қазіргі таңда инклюзивті білім беруді қажет ететін балалар саны өкінішке орай күннен- күнге өсуде. Осыған қарамасан, мемлекет балаларға қажетті мұндай ортаны 100 % -ға дейін қалыптастыруды міндеттеді. Осы мақсатта ағымдағы жылдың соңына дейін арнайы білім беру мекемелеріне 100 маман қабылдау жоспарланып отыр», — дейді ол.

Сонымен қатар, аталмыш психологиялық кабинеттермен мектептерде баланы оңалту жұмыстары 1 балаға 3 айға дейін жүргізіліп, процесс барысы ата-аналар қатысуымен өтеді. 105 күндік сараптама қорытындысы бойынша балаға қандай білім берілуі тиіс және қандай мекемеде ем алатыны анықталды.

Инклюзивті бағыт мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуіне ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Сондай-ақ, оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

 

Меруерт Махмұтжан

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov